Home / Шағын қонақжай бизнес-классқа

Шағын қонақжай бизнес-классқа

Бизнес қатарлы «УЮТ» қонақ ұйі кешені Алматы орталығының тыныш ауданында орналасқан. Ыңғайлы орналасуының, дамыған инфрақұрылымының, жоғары қызмет көрсету деңгейінің, сондай-ақ ойға қонымды баға мен сапа арақатысының арқасында қонақ үйі іскер адамдар мен туристер үшін керемет таңдау болып табылады. Халықаралық әуежайдан қонақ үйіне дейінгі жол ұзақтығы 20-25 минут, т/ж вокзалынан 10 минут құрайды.

115 жайлы әрі ыңғайлы нөмірлер қайта құрылуынан кейін күзет және өртке қарсы сигнализациясымен қамтылған, еуропалық стильде жасалған, барлық қажеттімен: көп арналы спутниктік теледидармен, DVD, ауа баптағышпен, мини-бармен, фенмен, ақысыз WI-FI интернетпен, сейфтермен жабдықталған. Тұру құнының ішіне ертеңгі ас (швед үстелі), 12% ҚҚС кіреді. Қонақ үйі мынадай нұсқалар бойынша тұруды ұйымдастырады: толық пансион – 7000 тг., 5800 тг., жартылай пансион – 3500 тг., 2900 тг. Икемді жеңілдіктер жүйесі көзделген. Ғимарат күзетіледі.

Ішіне 100,30,30 адамға дейін сыйатын мәжіліс залдары ыңғайлы әрі жайлы жағдайда іскерлік кездесулерді ұйымдастыруға мүмкіндік береді, іштерінде орнатылған барлық қажетті жабдықтар іскерлік кездесулер мен іс-шаралардың жоғары сапасын қамтамасыз етуге көмектеседі.

Мейрамхананың интерьері итальяндық стильде орындалған. Бұл жерде Сіздер Азия, Еуропа және Шығыс халықтарының тамақүлгілерінен дәм татасыздар. 70 адамға дейін отырғызуға болатын банкеттер, таныстырулар, салтанатты шаралар өткізу, кофе-брейктер, бизнес-ланчтер, фуршеттер, көшпелі тамақтандыру ұйымдастыру және қызмет көрсету үшін барлық мүмкіндіктер көзделген. Лобби бар 24 сағат бойы ашық тұрады. Жазғы алаңша Сіздерді жайма көгілдірімен және фонтанның сылдырымен қарсы алады.

Толық демалу және көңіл көтеру үшін отельде VIP-сауна бар, оның ішіне Фин бу бөлмесі, қонақжай бөлме, екі демалыс бөлмесі, жылы бассейн, массаж жасаушының қызметтері, қажетті техника, мейрамхана қызмет көрсетулері және паркинг кіреді.

Сонымен бірге қонақтарымызға мынадай қызмет көрсетулер ұсынамыз: тәулік бойы брондау, кез келген уақытта нөмірлерге қызмет көрсету, бизнес-орталық, базарлықтар дүкені, кір жуу және химиялық тазарту қызметтері, отель саунасына күнделікті ақысыз бару, көлік қызметтері, шетел азаматтарын тіркеу, киім үтіктеу бөлмесі, сақтау камерасы, ресепшндегі сейф, халықаралық телефон байланысы, банкомат, терминал және көлік тұрағы.

Отельде кредиттік карталармен, қолма-қол ақшамен немесе аударым арқылы есеп айырысуға болады.

Біздің қонақтарымызды қонақ үйіміздің жайлылығы және қызмет көрсету сапасы қуантып, таңдандырады!

Біздің мекен-жайымыз  

 
 Алматы қ., Гоголь көш.,127/1 Сейфуллин көш. қиылысы
Тел: 7 (727) 279-51-11; 279-55-11; 279-95-11;
Ұялы т.: 7 777-218-31-32
Факс: 7 (727) 279-89-79;
Мейрамхана: 7 727 279-97-03; 279-32-69;
Бухгалтерия: 7 (727) 279-13-60:
e-mail: hotel_uyut@mail.ru, nurlan@nurlan.net, reservation@hotel-uyut.kz

web-сайт: www.hotel-uyut.kz

 




Нет элементов.




Оставить отзыв
перейти
Оценка:
Оценка
0 из 5 на основе 0 оценок(ки)
Имя *
E-mail
Отзыв *
 
+

Мы используем файлы типа "cookies" для управления, улучшения и персонализации настроек веб-сайта. Продолжая просматривать сайт, вы соглашаетесь с использованием файлов типа "cookies"